Білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру

Білім беру мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 16 бұйрығымен «Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартына» 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020.

Жаңа стандарт 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді.Не өзгерді?

1) білім беру ұйымының бейініне, оқушылардың/тәрбиеленушілердің болу уақытына, олардың жасына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілін, нысанын, моделін, режимін (еселігін) және кестесін айқындау;

2) білім беру саласындағы басқару органдарын, білім беру ұйымдарының әкімшілігін, тамақтандыру қызметтерін жеткізушілерді қоса алғанда, тамақтандыру ұйымының барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы;

3) білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға жауапты адамдарды айқындау;

4) перспективалы төрт апталық маусымдық мәзірді, күнделікті мәзір-макеттер мен мәзірді жасау;

5) оқушыларды/тәрбиеленушілерді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін ерекше диеталық қажеттіліктері бар оқушыларды өз қаражаты немесе басқа да тартылған қаражат үшін есепке алуды жүргізу;

6) асхананы (ас блогын) жабдықтау мен жарақтандыруды тиісті жұмыс жағдайында қолдау, оларды тұрақты жаңарту, ыдыс-аяқтың, жиһаздың жеткілікті санын, энергиямен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

7) тамақтануды ұйымдастыру бойынша есепті-есептік құжаттаманы жүргізу;

8) тамақ өнімдерінің және дайын тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігіне, тамақтануды ұйымдастыруға, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың сақталуына өндірістік бақылауды жүзеге асыру.

Алтынсарин аудандық санитарлық

басқармасы-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ басшысы                                                 

А.Ж. Әлмағанбет