«Салауатты жұмыс орындары» жобасы

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы

"Салауатты жұмыс орындары" жобасы

Жұмыс істейтін халықтың денсаулығын нығайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мақсатында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба өндірістік ортаны санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен еңбек қорғаудың заманауи талаптарына сәйкес ұйымдастыруға бағытталған.

Жобаны іске асыру аясында келесі іс-шаралар көзделген:

  • Кәсіби аурулардың алдын алу және профилактикалық тексерулер жүргізу;
  • Өндірістік ортаның зиянды факторларының әсерін азайтуға бағытталған тәжіри белерді енгізу;
  • Еңбек орындарын гигиеналық нормативтер мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес ұйымдастыру;
  • Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
  • Еңбек ұжымдарында қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Жобаның жүзеге асырылуы аурушаңдық деңгейін төмендетуге, еңбек өнімділігін арттыруға және ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы құру – қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатын басты құндылық ретінде айқындайтын заманауи еңбек мәдениетін дамытудағы маңызды қадам болып табылады.

 

 «Алтынсарин аудандық

 санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасы »РММ басшысы

А.Ж.Әлмағанбет