Новоалексеев ауылында ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Елді мекеннің негізгі көшелерінде – Гагарин, Ленин және Школьная көшелерінде абаттандыру жүргізілді. Атқарылған жұмыстар жол жамылғысының сапасын айтарлықтай жақсартып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.