Қостанай облысы әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында Приозёрное ауылында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды.
Жобаны іске асыру барысында:
•қуаты 100 Вт болатын 79 заманауи жарықдиодты шам орнатылды;
•жалпы ұзындығы 5,84 км болатын әуе жарық желісіне (ӘЖЖ) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді;
•елді мекендегі барлық 9 көше жарықтандырылды, бұл 100% қамтуды қамтамасыз етті.
Жобаны жүзеге асыру ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.