«Таза Қазақстан»

«Таза Қазақстан»

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округінің аумағында шөп шабу жұмыстары тұрақты негізде ұйымдастырылуда.

Ауылдық округке қарасты елді мекендердің барлық көшелерінде шөп шабу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралардың мақсаты – аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы және жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.

Жұмыстар қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың күшімен, сондай-ақ АШТО мен ауылдық әкімдік арасында жасалған меморандумдар аясында жүзеге асырылуда.