
Свердловка ауылында жайлылық деңгейін арттыру және абаттандыру шаралары аясында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды.
Заманауи жарық шамдарын орнату – тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға, түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттыруға, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінде Свердловка ауылында келесі көшелер жарықтандырылды: Дорожная, Ленина, Целинная, Октябрьская, Зеленая, Свердлова, Советская және Комсомольская, Степная көшелері.
Аталған жобаны жүзеге асыру – ауыл инфрақұрылымын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді тәсілдің маңызды бөлігі болып табылады.