2025 жылғы 6 мамырда Әулиекөл аудандық Мәдениет үйінде Отан қорғаушы күніне арналған концерт өткізілді. Осы іс-шара барысында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің архившісі О.Е. Шоқытбаева іс-шара қатысушыларына Ұлы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуіне орай «Олардың есімдері ғасыр бойы қалады» атты фотоқұжаттық көрменің тұсау кесерін өткізді.
Көрменің көлемі 63 экспонаттан тұрады, олар екі жылжымалы планшеттерге орналастырылған. Көрмеде Әулиекөл ауданының Ұлы Отан соғысына қатысушыларының жеке тектік құжаттары ұсынылды: Михаил Васильевич Адамович; Николай Евтихович Гурба, Иван Иванович Демченко; Мырқайдар Шаяхметұлы Жумасов; Абдолла Ахметұлы Исниязов; Алдаберген Каскин; Вахит Кенжалин; Семен Кузьмич Кушнаренко; Иван Яковлевич Наконечный; Иван Петрович Наприенко; Ағадыл Нұғманов; Қалимолда Омаров; Петр Михайлович Паршиков; Виталий Алексеевич Стовбур; Георгий Ананьевич Тихонов; Алдаберген Шеқтыбаев; Сатыбалды Хасенов. Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске зор үлесін қосқан жерлестерміздің ерлігін есте сақтау.