
2025 жылғы 16 сәуірде «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалында «Тарих архивте сақталған» тақырыбы бойынша жұртшылықпен кездесіу өткізілді. Іс-шараның мақсаты азаматтарды мемлекеттік архивтің жұмысымен, олардың функцияларымен, заманауи мүмкіндіктермен және даму жоспарымен таныстыру.
Іс-шарада Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің басшысы Т. Б. Мырзабулатова сөз сөйледі. Ол «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсетіу тақырыбын қозғады, архив ұжымы өз қызметін қалай жүзеге асыратынын айта кетті.
Архивші А. Бахытмекеменің негізгі міндеттері, құжаттарды қабылдау және сақтау процестері, сондай ақ азаматтарға қол жетімді қызметтер туралы айтты.
Қатысушылар архивтік анықтаманы қалай алыуға болатынын және архив арқылы қанадй құжат алыуға болатынын білді. Сондай –ақ ол архив құжаттарын цифрландыру және электронды құжат айналымына көшіу туралы нақты айтып берді.
Кездесіу соңында қатысушылар «E-Gov» жеке кабинеті арқылы архивтік анықтамаларды алыуға қатысты сұрақтарын қойды.