2025 жылғы 24 сәуірде Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Сарыкөл өңірлік мемлекеттік архиві» КММ филиалының қызметкерлерімен «Шағымдарды болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға жол бермеу» тақырыбында бірлескен семинар өткізілді. Семинар негізсіз бас тартудың алдын алуға және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шағымдардың санын азайтуға арналды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Сарыкөл ауданы бойынша филиалы қызметкерлерімен бірлесе отырып, Халыққа қызмет көрсету бойынша жанжалдардың себептерін, типтік қателерді қарастырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірледі.