Жангелдин аудандық мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылғы Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай «Ерлік-ұмытылмайды» тақырыбына экскурсия өткізді

Жангелдин аудандық мемлекеттік архивінде 1941-1945 жылғы Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай  «Ерлік-ұмытылмайды» тақырыбына экскурсия өткізді

2025 жылғы  05 мамыр күні  Жангелдин аудандық мемлекеттік архиві қызметкерлерінің ұйымдастырумен Торғай селосының  Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 3 сынып оқушыларымен 1941-1945 жылғы Ұлы Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай «Ерлік-ұмытылмайды» атты  экскурсия өткізілді.  

Экскурсия мақсаты Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру, дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрибиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.  Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Қатысушыларға архивте сақталған Ұлы Отан соғысындағы 1941-1945 жылғы Еңбек майданы ардагерлерінің жеке тектік құжаттарымен таныстырылды.

Сонымен қатар оқушыларға  латын тілінде жазылған жеке құрам бойынша бұйрық кітаптары көрсетілді және 10 жылдық бітірген аттестат беру журналынан ата-аналарын бағаларын көріп  мәз болды. Оқушылар жүргізілген экскурсия өте қызықты  өткенін  айтты.