«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «ТazaҚазақстан» акциясына қатысты

«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «ТazaҚазақстан» акциясына қатысты

2025 жылғы 26 сәуірде «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері «ТazaҚазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты. Іс-шара аясында Қостанай қаласындағы Павлов көшесінің аллеясы бойындағы аумақты ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді. Архившілер аумақты қоқыстардан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды көрсете отырып, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосты.

Мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды дамыту, сондай-ақ қоғамдық рух пен корпоративтік бірлікті нығайту үшін маңызды.