Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты сабақ өткізу туралы ақпарат

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві  «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран»  атты сабақ өткізу туралы ақпарат

2025 жылғы 23 сәуірде Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің архившісі О.Е. Шоқытбаева Е. Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің  6 «А» сынып  оқушыларына Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған арналған «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Әулиекөл ауданының Кеңес Одағының қос Батыры С.Баймағамбетов пен И.Я. Сьянов туралы сабақ өткізді. Сабақта Кеңес Одағының Батырлары туралы презентация ұсынылды. Сабақ барысында оқушыларды С.Баймағамбетовтың және И.Я.Сьяновтың өмір-баянымен таныстырды, олардың тарихи ерліктері туралы айтылды. Сабақта Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде сақтаудағы «Кеңес Одағының Батыры И.Я.Сьяновтың «Сулукольский» қой асыл тұқымды зауытына 1969 жылындағы сапары» фотоальбомы, «Олар Жеңіспен оралды» естелік-кітабы оқушыларға ұсынылды. Сабақ барысында оқушылардың назарына С.Баймағамбетов пен И.Я.Сьяновтың архивте мемлекеттік сақтауда бар құжаттары бойынша «Ұлы ерлікке тағзым» атты тақырыптық экспозициясы ұсынылды.

Іс-шара соңында архив ғимараты бойынша Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеуіне орай шолу экскурсиясы өткізілді, оның барысында архивші Әулиекөл өңірлік архивінің қысқаша тарихымен және қызметімен таныстырды.

Барлығы 20 адам қамтылды (18 оқушы, 2 ұстаз).