2025 жылғы 21сәуірде «ҚОМА» КММ «Сарыкөл өңірлік мемлекеттік архиві» филиалының маманы Урицк мектеп–лицейінің оқушылары үшінФ.С. Штепа (1925ж. т.),П. Д.Черепахин(1925 ж.т.), П.М.Сучков(1924ж. т.),М.Г. Нурутдинов(1925 ж.т.) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке тектік құжаттары бойынша тақырыптық экспозициялар өткізді. Экспозицияларға қатысушылардың жеке құжаттары қойылды: өмірбаяндар, естеліктер, фотосуреттер, жарақаттар туралы анықтамалар, грамоталар, марапаттау туралы куәліктердің көшірмелері.
Оқушылар құжаттарға үлкен қызығушылық танытты.
Қатысқандар: 43 адам
Ұйымдастырушы: архив