2025 жылғы 22 сәуірде Лисаков өңірлік мемлекеттік архивтің архившісі Д. С. Ергазиева ведомстволық архивтердің жұмысына жауапты мамандармен семинар өткізді.
Семинар барысында белгіленген нысан бойынша ағымдағы іс жүргізу істерін қалыптастыру және ресімдеу ережелері туралы айтылды.
Филиал маманы істерді қалыптастыру қағидалары туралы айтып берді: ұйымның істер номенклатурасына сәйкес істерге құжаттарды қалыптастыру; істердің мұқабаларын ресімдеу; іске барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындалған, дұрыс ресімделген құжаттарды ғана енгізу. Сондай-ақ, архивші мамандардың назарын «Ұйымның ведомстволық (жеке) архиві туралы ережені», «Ұйымның орталық сараптау комиссиясы (сараптау комиссиясы) туралы ережені» жасауға аударды.