Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Кеңес Одағының Батыры Е.А. Хачиннің туғанына 110 жыл толуына орай»

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Кеңес Одағының Батыры Е.А. Хачиннің туғанына 110 жыл толуына орай»

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын және Кеңес Одағының батыры Е. А. Хачиннің 110 жылдығын мерекелеу аясында 2025 жылғы 16 сәуірде Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкері Жітіқара қаласындағы № 10 жалпы білім беретін мектепте  сабақ өткізді және Егор Андреевич Хачиннің жеке текті түпнұсқа құжаттарының экспозициясын рәсімдеді.

Оқушыларға Кеңес Одағының Батыры куәлігімен, оның орден кітапшасымен, Болгария қолбасшылығының «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін» медалімен танысуға, сондай-ақ фотосуреттерді, газет мақалаларын және Құрмет грамоталарын зерделеуге мүмкіндік берілді. Оқушылар атақты батыр туралы әңгімеге үлкен қызығушылық танытты, бұл экспозицияның негізгі мақсаты - өскелең ұрпаққа ата-бабаларымыздың соғыс жылдарындағы ерлігіне, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.