Мемлекеттік архив қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді

Мемлекеттік архив қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді

2025 жылғы 11 сәуірде Қостанай облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының архив ісі бөлімі мен «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері мемлекеттік архив мамандарына арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

ЭҚАБЖ жүйесінен «Е-Архив» АЖ-ға құжаттарды көшіру;

қорлар бойынша сканерленген құжаттарды жүктеу тәртібі;

«Е-Өтініш» жүйесінен азаматтардың өтініштерін «Е-Архив» жүйесіне көшіру;

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) архив саласында қолданылуы бойынша түсіндірмелер берілді.

Қатысушыларға жүйеде жұмыс істеудің тәжірибелік алгоритмдері көрсетіліп, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Семинар архив саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және құжаттарды цифрландыру бойынша бірыңғай тәсілді қалыптастыруға ықпал етті.