ЭҚАБЖ жүйесінен «Е-Архив» АЖ-ға электрондық құжаттарды көшіру және модульдермен жұмыс жасау бойынша оқыту семинарының өткізілуі туралы ақпарат

ЭҚАБЖ жүйесінен «Е-Архив» АЖ-ға электрондық құжаттарды көшіру және модульдермен жұмыс жасау бойынша оқыту семинарының өткізілуі туралы ақпарат

2025 жылғы 10 сәуірде Қостанай облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы электрондық құжаттарды ЭҚАБЖ жүйесінен «Е-Архив» ақпараттық жүйесіне көшіру, сондай-ақ «Істер номенклатурасы», «Құндылықты сараптау» және «Сараптау комиссиясы» модульдерінде жұмыс істеу мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында басқарма басшысының орынбасары                            А.А. Костюков Ұлттық цифрлық архив құру – бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда жариялаған бастамаларының бірі екенін атап өтті. Бұл архив саласын дамытудағы стратегиялық бағыт болып табылады және барлық мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысын талап етеді.

Облыс әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы О.В. Соколова да сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан ЭҚАБЖ жүйесінен                  «Е-Архив» жүйесіне архивтік істерді көшіру мәселесіне ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Бұл жұмыс сапалы, мерзімінде және нормативтік талаптарға қатаң сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты.

Облыстық архив ісі бөлімінің басшысы Ж.Ж. Жантлесова семинардың практикалық бөлімінде ЭҚАБЖ жүйесінен құжаттарды көшіру алгоритмін көрсетіп, жүйе модульдерінің функционалын түсіндірді. Атап айтқанда, істерді дайындау және тапсыру тәртібі, құндылықты сараптау жүргізу және сараптау комиссиясымен келісу рәсімдері түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әдістемелік материалдар, презентациялар және қадамдық нұсқаулықтар ұсынылды, сондай-ақ жүйені енгізу барысында туындайтын практикалық сұрақтарға жауаптар берілді.