
«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ директоры Қазыбаев С. С. жұмыс сапарымен «Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ барған кезде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа қол қою рәсімі 2025 жылғы 3 сәуірде Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде өтті. Меморандум архив ісі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының мемлекеттік архивтері арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, архив ісіндегі өзекті мәселелерді талқылау, ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобалар мен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік архивтердің рөлін насихаттау жоспарлануда.