
2025 жылғы 3 сәуірде Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде құжаттарын электрондық форматқа көшіру және «ҚБЭА» АЖ мәліметтерді енгізу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға Әулиекөл ауданының бас мамандары, іс жүргізушілері мен архившілері қатысты.
Архивтік құжаттарды электрондық форматқа көшіру сақтаудың сенімділігін, құпиялығын, ыңғайлығы мен іздеу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
«ҚБЭА» АЖ мәліметтерді енгізу істер номенклатурасын құруды, архив қорлары мен істер тізімдемелерін енгізуді қамтиды.
Семинар барысында филиал басшысының м.а. С.У. Омарова «ҚБЭА» АЖ-ге қол жеткізу үшін өтінім берудің реттілігін түсіндірді, архивист А.Г. Комомбаева «Істер номенклатурасы», «Тізімдемелер тізілімдемері» модульдері және цифрланған құжаттардың файлдарын жүктеу бойынша «ҚБЭА» АЖ-ге мәліметтер енгізу бойынша практикалық сабақ өткізді.
Соңымен қатар, семинар барысында А.К. Аралбаева «ҚБЭА» АЖ мәліметтерді енгізу және құжаттарды цифрландыру бойынша ай сайынғы есептерді дұрыс жасау сияқты мәселелермен таныстырды.