
2025 жылғы 18 наурызда «ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалында Қостанай ауданының ауылдық округі мамандарына ведомстволық архивтердің қызметі туралы семинар өткізілді. Семинарға ауданның мемлекеттік мекемелерінің 14 маманы қатысты.
Семинар барысында құжаттардың сақталуын және архив қоймаларында құжаттарды сақтаудың реттеу мерзімдерін сақтау, істер номенклатурасын құрастыру, құжаттардың ғылыми-техникалық өңдеуі туралы мәселелері талқыланды. Электрондық құжаттардың «ЕСЭДО» АЖ-нен «ҚБЭА» АЖ игерісіне көші-қонын қамтамасыз ету үшін алдағы жұмысқа ерекше назар аударылды.
Семинарда архивші М. Жуламанова жекелеген мамандармен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ мәліметерді енгізуге байланысты «Істер номенклатурасы», «Тізімдер реестрі» модулдері бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.