Қостанай ауданы мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық архивтерінің мамандары үшін құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша семинар

Қостанай ауданы мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық архивтерінің мамандары үшін құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша семинар

         2025 жылғы 14 наурызда «ҚОМА» КММ «Қостанай аудандық мемлекеттік архиві» филиалында Қостанай ауданының мемлекеттік мекемелерінің ведомстволық архивтерінде құжаттарды сақтау қауіпсіздігі бойынша семинар өткізілді. Семинарға ауданның мемлекеттік мекемелерінің 9 маманы қатысты.

         Филиал басшысы Т.М. Морозова мемлекеттік мекемелердің ведомстволық архивтеріне жауапты мамандарына архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, құжаттардың ғылыми-техникалық өңделуі, олардың нәтижелерінің рәсімделуі мен істер номенклатурасын құрастыру туралы айтып берді.

         Осы іскерлік жыл ішінде номенклатура істерінің дұрыс қалыптасуының маңыздылығын, мекемедегі құжаттарды басқарудың сапасы мен уақтылы өңдеуден өтуі туралы еске салды. Сондай-ақ, семинар барысында ведомстволық архивтердің жабдықталуы, архив құжаттарын цифрландыру, архив ісі саласындағы есеп беру туралы ақпаратты уақытында тапсыру сұрақтары қарастырылды.

         Семинарда архивші М.Б. Жуламанова жекелеген мамандармен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ мәліметерді енгізуге байланысты «Істер номенклатурасы», «Тізімдер реестрі» модульдері бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.