Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві кешенді тексеру туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві кешенді тексеру туралы

         2025 жылғы 5-6 наурыз аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ-нің архив жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Ж. Жантлесова және маманы А.А. Нурушевамен Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қызметіне кешенді тексеру жүргізіп, архив мамандарына әдістемелік көмек көрсетті.

         Тексеру барысында ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу, ҒАА жетілдіру және автоматтандыру, ведостволармен жұмысты және толықтыруды ұйымдастыру, сондай-ақ құжаттардың пайдалануы  мен жариялануы тексерілді.

         6 наурызда «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметтің көрсету мәселелері бойынша тексеру жалғасты.

         Сол күні Әулиекөл ауданы әкімдіктің үлкен залында Жанара Жолдыбайқызы  Жантлесова Әулиекөл ауданы ведомстволық архивтерінің бас мамандарымен, іс жүргізушілерімен және жауапты қызметкерлерімен «Құжаттардың бірынғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу және көшіру бойынша оқыту семинарын өткізді.