«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) архив жұмысы бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес бөлім қызметкерлері жергілікті жерге барып, Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қызметін зерделеуді жүзеге асырды.
Сонымен бірге, электрондық құжаттарды миграциялау және «ҚБЭА» АЖ-да жұмыс бойынша ауданның іс жүргізу қызметтерінің мамандарымен семинар кеңес өткізілді.