2025 жылғы 03 наурызда «Лисаков өңірлік мемлкеттік архивінің» «ҚОМА» КММ филиалының архившісі Ф.С. Ирханова «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша «Полезное информирование - во благо граждан» акция жүргізді.
Архивші Ф.С. Ирханова «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» Қостанай облысы бойынша» КЕАҚ филиалының қызметкерлеріне, келушілеріне және қала тұрғандарына «Архив анықтамаларын беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерін беру» мемлекеттік қызмет туралы айтты. Қызметтің бұл түрі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізілген.
Сонымен қатар жеке танысу үшін архивші ақпараттық парақтарды таратты, оларда «Лисаков өңірлік мемлкеттік архивінің» «ҚОМА» КММ филиалының мекенжайы мен электрондық поштасы көрсетілген, оның көмегімен келушілерге жеке кеңес алуға мүмкіндіктері бар.