Өткен және қазіргі заманның бірлігі

Өткен және қазіргі заманның бірлігі

     2024 жылы  25 қыркүйекте Рудный қалалық мемлекеттік архиві  Рудный қаласының атаулы күндері ол  75 жыл бұрын Сарыбай темір кен орнын ашқан ұшқыш Михаил Григорьевич Сургутановтың туғанына 100 жыл толуына орай, сондай-ақ «ССКӨБ» АҚ-ның 70 жылдығына және кеншілер үшін салынған Рудный қаласының 67 жылдығына қарсаң  «Өткен және қазіргі заманның бірлігі»  атты көпшілікке арналған дәрісін өткізді. Рудный тарихи-өлкетану мұражайының әдіскері А.Г. Кургузкин қатысушыларға А.Г. Сургутановтың өмірбаянымен және Сарыбай темір кен орнының ашылу тарихымен таныстырды. «ССКӨБ» АҚ өндіріс басқармасының тау-кен ісінің сарапшысы Е.С.Әзімқалиев комбинаттың жұмысы, оның құрылысының қалай басталғаны, ағымдағы қызметі және болашақтың келешегі туралы айтып берді. Рудный қаласының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ж.Т.Тілеуғабылов М.Г.Сургутанов және Рудный қаласы туралы жазған өзінің шығармаларының бірін  мемлекеттік тілде оқып берді. Дәріс соңында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің бейнеқұжаттар жинағынан «Мен уақыт туралы және өзім туралы айтамын» атты бейнефильмі көрсетілді. Архившілер комбинат пен қаланың бірінші құрылысшылары туралы Рудный қаласының еңбек сіңірген қызметкерлерінің Жеке тектік құжаттар жинағының құжаттары бойынша жасалған тақырыптық фотоқұжаттық экспозицияны  ұсынды. Іс-шараға «Қостанай облысы әкімдігі ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы» ММ, «ҚОМА» КММ, «Рудный қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ өкілдері, БАҚ, Рудный қаласының ардагерлері және Рудный индустриалды университеті мен колледж студенттері қатысты. Дәріске барлығы 145 адам қатысты.