Істер номенклатурасын жасау және рәсімдеу, істерді қалыптастыру және мемлекеттік сақтауға беру тәртібі туралы ақпарат

Істер номенклатурасын жасау және рәсімдеу, істерді қалыптастыру және мемлекеттік сақтауға беру тәртібі туралы  ақпарат

2024 жылдың 4 маусымда жоғарғы санатты архивист Омарова С.Ө. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданының білім бөлімі» ММ-сінің мамандарына  істер номенклатурасын жасау және рәсімдеу, істерді қалыптастыру және мемлекеттік сақтауға беру тәртібі туралы сұрақтары бойынша семинар өткізілді.

Семинарға Әулиекөл аудандық мәдениет бөлімінің, қаржы бөлімінің, тілдер дамыту бөлімінің және аудандық кітапханасы мамандары қатысты. Барлығы семинарға 15 адам қатысты.

С. Омарова Әулиекөл мемлекеттік архивінің архивисті қатысушыларға істер номенклатурасы ағымды жылдың 10 желтоқсанға дейін құрастырылады және қажетті мөлшерде басылады деп түсіндірді. Үлгілік негізінде дайындалған мекемелердің, ұйымдардыңістер номенклатуралары облыстық және біздің аудандық архивтің сараптама комиссиясында қаралады, бұған мекемелер, ұйымдар туралы ережелер, сондай-ақ ведомстволық архивттер туралы ережелер кіріде. Құжаттарды мемлекеттік сақтауға өткізерде құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу қажет. Мемлекеттік архивтің маманы сөз сөйлегенде құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге дайындау күрделі және көлемді жұмыс екенін атап өтті, ведомстволық архивтер жұмысының ережелеріне сәйкес құжаттардың құндылығына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қажет болғандықтан, істерді қалыптастыру, сипаттау және тігу қажет. Мемлекеттік ұйымдардың қызметінде жасалатын құжаттардың тізбесі бойынша сақтау мерзімдері анықтау, құжаттарды түптеуді жүзеге асыру, әр істің барлық парақтары мен беттерін нөмірлеу, істерге куәландырушы-парағын жасау, ішкі тізімдеме жасау.

Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша көптеген сұрақтар қойды, архивист Омарова С.У. істерді рәсімдеу, тұрақты сақталатын және жеке құрамым құжаттарға тізімдеме жасау, сонымен қатар сақтау мерзімі өткен құжаттарға акт жасау және т.б. бойынша практикалық сабақтар өткізумен семинарды жалғастырды.