Соғыс әлдеқашан аяқталды...

Соғыс әлдеқашан аяқталды...

04.05.2024ж. Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі А.К.Шомаева «Рудный қаласының білім бөлімінің № 10 мектеп-гимназиясы» КММ 5 «Б» сыныбының оқушылары үшін 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына арналған «Біз Сіздің ерлігіңізді мәңгі құрметтейміз...» атты тақырыбында мектеп сабағын өткізді. А.К.Шомаева оқушыларға 1941-1945 жылдардағы соғыс туралы, оның қатысушылары - соғыс уақытының барлық қиындықтарына қарамастан, өз балаларының, немерелері мен шөберелерінің бейбіт өмірін фашистік басқыншылармен жеңген жерлестеріміз туралы айтып берді. Сондай-ақ, оқушыларға «Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке тектік құжаттарының жинағы» қорынан ҰОС қатысушылары Иван Федорович Мельниченко мен Анна Евсеевна Ковальдың құжаттары пайдаланылып  «Біздің жүрегімізде сіздердің ерліктеріңіз өлмейді!» атты фотоқұжаттар экспозициясы ұсынылды. Іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезімді, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын ерлік пен ерлігі үшін құрметтеуді тәрбиелеу. Сабаққа барлығы 22 оқушы қатысты.