2024 жылдың 22 ақпанында Рудный қалалық мемлекеттік архивінің архившісі А.К. Шомаева Қазақстанның тың және тыңайған жерлерінің игерілгеніне 70 жыл толуына орай "Рудный политехникалық колледжі" КМҚК-да "Алғашқы тың игерушілер" атты дәріс өткізді. Шомаева А.К. оқушыларға 1954 жылы 27 наурызда ОК КОКП мен КСРО Министрлер Кеңесінің "Тың және тыңайған жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдары астық өндіруді арттыру туралы" қаулысы жайлы және тың жерін игеру тарихын айтып берді. Комсомол - жастар үшін тың жер құрылыс алаңына айналды. 1954-1955 жылдар аралығында 350 мыңнан астам жастар комсомолдық жолдамалармен тың өңірлерге аттанды. 1955-1956 жж Солтүстік Қазақстанның колхоздарына Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Литвадан 1600 қоныс аударушылар отбасы келді, көшіп келушілер арасында тек егіншілер, малшылар, механизаторлар ғана емес , сонымен қатар ағаш ұсталары және басқа мамандықтағы жұмысшылар да болды, сонымен қатар тың жерлерді игерумен елді мекендерде тың игерушілер мен олардың отбасыларының тұруына қажетті жылжымайтын мүлік объектілерін, сондай-ақ толыққанды өмір сүруге қажетті әлеуметтік- мәдени объектілерді - ауруханаларды, мектептерді, балабақшаларды және басқаларды салу жұмыстары жүргізілді. Студенттерге "Рудный қаласының алғашқы құрылысшылары мен тың игерушілердің жеке тектік құжаттар жинағы қорынан " жерлестеріміз - рудный тұрғындарының құжаттарынан құрастырылған "Тың өлкесі тарихының қатысушылары" атты фотоқұжаттық көрме ұсынылды. Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты Қазақстан тарихын зерттеуге баулу, еліміздің ең маңызды оқиғалары туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу және қиын жағдайда отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек еткен адамдарды құрметтеу. Дәріс соңында "Комсомол бумерангі" атты деректі фильмі көрсетілді. Дәріске барлығы 22 студент қатысты.