Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізілген туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізілген туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізілген туралы

 

Қазақстан Республикасы Мәдиниет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Ахив және болашақ ұрпақ» жобасын іске асыру аясында 2023 жылдың 21 қыркүйекте «Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға Әулиекөл ауылшаруашылық колледжінің  оқушылары қатысты.                       

Ашық есік күні төменгі іс-шаралар өткізілді:

- Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы, қоғамдық белсендісі Оспанов Қаскен Құрманғалиұлының өмірі және атқарған қызметі туралы «Оспанов Қаскен Құрманғалиұлы. Аудан тарихындағы лайықты есім» атты сабақ өткізілді;

- қонақтар Әулиекөл ауданының Құрметті азаматы, қоғамдық белсендісі Оспанов Қаскен Құрманғалиұлының  жеке тектік құжаттары бойынша фотоқұжаттық экспозициямен танысты, онда 36 экспонаттар ұсынылды;

- Әулиекөл ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі, қоғамдық белсендісі Г.Е. Аязбаевамен кездесу өтті, ол Оспанов Қ.Қ. туралы естеліктермен бөлісті;

- Әулиекөл ауданы архив саласының ардагерлері О.Ш.Алиев, Б.К.Әлиева, Ш.Е.Құсаиновтың жеке тектік құжаттары бойынша фотоқұжаттық экспозицияға шолу

- ашық есік күні сонында архив ғимараты ғимараты және қоймаларға экскурсиялық шолу өткізілді. Қонақтар құжаттарды  планетарлық сканерлермен цифрландыру өткізілетінін көрсетіп архивттік құжаттардың сақталуы туралы, жалпы архив қызметімен таныстырылды.

Барлығы 15 адам қамтылды (13 оқушы, 2 ұстаз).