«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ  Ашық есік күні

«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ   Ашық есік күні

«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ

 Ашық есік күні

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен түрлі жастағы балаларды кеңінен қамтитын «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын және Қостанай облысының архив қызметінің 100 жылдығына арналған іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 21 қыркүйекте «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ-де Қостанай қаласының № 1, 8 және 19 мектептерінің 7, 8, 10 сынып оқушылары мен А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті «Тарих» мамандығының 1 курс студенттері үшін Ашық есік күні өткізілді.

Жобаның мақсаты-білім алушыларда патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, өз отбасының, кіші отанның және тұтастай Отанның тарихын, дәстүрлерін, мәдениетін құрметтеу.

Іс-шарада балалар түпнұсқалар мен түрлі-түсті көшірмелерде ұсынылған қызықты тарихи құжаттармен танысты, әр бөлім қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктері туралы, архивтік құжаттарды цифрландыру, істерді қабылдау және ресімдеу процесі туралы білді, шежіре құрастыру бойынша қажетті кеңестер алды, оқу залына бару ережелерімен, құқықтық сипаттағы, тақырыптық, шежірелік сұраулар мен әлеуметтік сұрауларды қарау және орындау ерекшеліктерімен танысты. Іс-шара соңында балалар архив қоймасына барып, істерді ұстау мен сақтаудың оңтайлы жағдайларын жасау туралы білді. Оқушылар «барлығы туралы» викторинасына белсенді қатысып, грамоталармен және естелік сыйлықтармен наградталды, сондай-ақ Қостанай облысының архив қызметінің 100 жылдығына арналған тақырыптық экспозициялармен танысты.

Келушілердің назарына Қостанай облысының тарихы бойынша құжаттар, корей, украин, неміс және араб тілдерінде жазылған сирек құжаттар, жеке тектік құжаттар, сондай-ақ «ҚОМА» КММ-де сақталған құжаттар негізінде жасалған проспектілер, жинақтар, фотоальбомдар, анықтамалықтар мен буклеттер ұсынылды. Іс-шараға 75-тен астам адам қатысты.