«Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында 2023 жылғы 21 қыркүйекте Рудный қалалық мемлекеттік архиві оқушылар мен студенттер үшін Ашық есік күнін өткізді. Қонақтарды Рудныйдың «Алтын домбыра» ансамблінің домбырашыларының орындауындағы музыкамен қарсы алды. Архившілер қонақтарға архив және архив қызметі туралы айтып берді, архив қоймаларында құжаттардың қалай жасалатынын, тігілетінін және сақталатынын, сонымен қатар планетарлық сканерде архив құжаттарының қалай сканерленетінін көрсетті. ҰОС қатысушысы В.С. Бухинниктің, қаламыздың алғашқы құрылысшылары Р. В. Марченконың және Г. П. Павлюченконың және ақын В. А. Труфакиннің жеке тектік құжаттары бойынша «Біздің жерлестеріміз» атты фотоқұжаттық экспозициясын тамашалады. Аталған іс-шараның мақсаты жас ұрпақты архивтік құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерттеуге баулу және архив саласының имиджін арттыру. Аталған іс-шараға 81 адам қатысты.