Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Халықаралық архивтер күніне арналған Алтынсарин аудандық мемлекеттік архивінің «9 - маусым Халықаралық архивтер күні» тақырыбы бойынша шолу экскурсиясы

2023 жылғы 31 мамырда «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Алтынсарин аудандық мемлекеттік архиві» филиалы Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «9 маусым Халықаралық архивтер күні» тақырыбында шолу экскурсиясын өткізді. 

Архивші Ж.Ж.Жанақаева қатысушыларды сақтаудағы құжаттармен таныстырды, архив ісінің маңызды рөлі, құжаттарды сақтау және пайдалану шарттары туралы айтып берді, сондай-ақ «Аудан тарихынан», «Құжаттардағы архив тарихы» фотоқұжаттық көрмелерін көрсетті.