Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу аясында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві Халықаралық Архивтер күніне орайластырылған Ашық есік күні туралы

Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығына арналған  іс-шаралар өткізу аясында  Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві  Халықаралық Архивтер күніне орайластырылған  Ашық есік күні туралы

Биылғы жылы аудан архивистері-халық жадын мәңгілік сақтаушылары қос мерейтой атайды:  Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің құрылғанына 60 жыл, сонымен қатар  Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығы. № 2023 жылдың 1 маусымында Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінде Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығына арналған Халықаралық архивтер күніне орайластырылған Ашық есік күнін  өткізілді.

         Бұл күні архивке Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің               6 «Ә» оқушылары келді. Ашық есік күні үш кезеңде өткізілді: «Архив құндылықты казына» атты фотоқұжаттық көрмені шолу; Әулиекол өңірлік мемлекеттік архивінің Бахытжамал Карісқызы Әлиевамен кездесу; архив ғимараты бойынша: «Архив құндылықты казына» тақырыптық экскурсия.

         Көрме шолу кезінде ардагері Әулиекөл ауданының архив саласы үздігі Б.К. Әлиеваға сөз берілді.  Бахытжамал Кәрісқызы және оның жұбайы Омар Шайхыұлы Әлиев Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің дамыуна үлкен үлес қосқан. Ол аудан архив қызметі тарихы туралы, архивші қызметі туралы баяндады.Архив қоймалары бойынша экскурсия барысында Б.К. Әлиева қорларды қалыптастырушы құжаттар туралы айтып өтті, істер байламы қандай болатының көрнекі түрде көрсетті, оларды кезінде Бақытжамал Кәрісқызы өзі қалыптастырып картонмен қаптаған. 

60 жыл - бұл ұзақ жол, архистердің бірнеше буынының күш-жігерінің арқасында бүгінгі таңда ауданымыздың, облыстың жалпы республиканың қалыптасу және  даму тарихын зерттеуге мүмкіндік беретін ақпараттық әлуетен құрылған.