«Саяси құғын-сургін құрбандарын еске алу күніне орай...»

«Саяси құғын-сургін құрбандарын еске алу күніне орай...»

Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2023 жылғы 26 мамырда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің әдістемелік кабинетінде маман Е. А. Бостынец Жітіқара қаласы Абай атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде халықтарды Қазақстанға депортациялау» сабағын өткізді. Ұсынылған архивтік құжаттар экспозициясы негізінде Елена Александровна оқушыларға Қостанай облысы Орджоникидзев ауданында депортацияланған азаматтарды қабылдау, орналастыру және жабдықтау туралы айтып берді.

         Іс-шара барысында оқушыларға мемлекеттік архив қоймалары бойынша экскурсия өткізілді.