Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» Әулиекөл өңірлік архивінің тақырыптық экспозицияны өткізу туралы ақпараты

Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында  «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» Әулиекөл өңірлік архивінің тақырыптық экспозицияны өткізу туралы ақпараты

2023 жылғы 19 мамырда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің архивисі  О. Е. Шоқытбаевамен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан мектептері оқушыларына Әулиекөл ауданының ҰОС-ы ардагерлері жеке тектік құжаттары бойынша «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тақырыптық экспозиция ұсынылды.

Тақырыптық экспозицияда Әулиекөл ауданының ҰОС-ы ардагерлері М. Жумасов, И.Я. Наконечный, П.М. Паршиков, В.А. Стовбур, С. Хасеновтың жеке тектік құжаттары келушілердің назарына ұсынылды.   

Экспозицияда ардагерлердің жеке сүреттері мен соғыста көрсеткен батырлықтары үшін марапатталған медальдарымен ордендерінің кітапшалары, адал еңбегі үшін алған алғыс хаттарымен медаль және ордендердің кітапшалары, ардагерлер туралы аудандық және облыстық баспа сөздерде жарияланған мақалалары орын тапты.

Әрбір құжатта өзінің тарихи маңызы көрсетілген.