Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Рудный колледждерінің студенттеріне арналған «Архивтер және тарих» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Рудный колледждерінің студенттеріне арналған  «Архивтер және тарих» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2023 жылғы 22 мамырда Рудный қалалық мемлекеттік архивінде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 жылдығына арналған «Тарихи құжат- ұрпаққа мұра» архивтік марафоны аясында  Рудный колледжінің студенттерімен «Архивтер және тарих» тақырыбында Қазақстанның өскелең ұрпағы архив құжаттарының мемлекетіміз бен азаматтарымыздың тарихы үшін маңызы туралы идеялары мен пікірлерін жинақтау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.Архивші А.Шомаева дөңгелек үстелге қатысушыларға мемлекеттік архивтің жұмысы, оның мақсат-міндеттері туралы айтып берді. Архив тек құжаттар қоймасы емес, ол өткеннің, бүгіннің және болашақтың тоғысатын жері екеніне студенттердің назарын аударды. Архив құжаттарынан біздің өскелең ұрпақ өз мемлекеті мен туған жерінің даму тарихын біледі, егде адамдар архивтегі еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ олардың әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды табады. Студенттер Қазақстан Республикасында құжаттардың Бірыңғай электронды архивін құру идеясын қолдады, бұл болашақта архивке жеке өтінішсіз қажетті архивтік құжаттарды алуға мүмкіндік береді. Дөңгелек үстелдің мақсаты-жастарды архивтік құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерттеуге тарту, сонымен қатар архивтік құжаттарды насихаттау және архив саласының имиджін көтеру.