Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған мектеп сабағы: Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «Батырлар қатарында Сіздің есімдеріңіз бар»

Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған мектеп сабағы: Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «Батырлар қатарында Сіздің есімдеріңіз бар»

      2023 жылғы 19 мамырда  Қостанай қаласы № 10 жалпы орта білім беретін мектебінің 7  сынып оқушылары үшін (25 адам)  Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің архивисі Д. Дарменбаева  Социалистік Еңбек Ерлері Ж. Д. Декмеев, В. В. Сидорова, А. И. Кузьминаға арналған мектепішілік сабақ өткізді.

      Жансұлтан Демеевич Демеев, Вера Васильевна Сидорова және Алевтина Ивановна Кузьмина-Қостанай ауданына ғана емес, облысқа, Республикаға танымал тұлғалар. Материал Қостанай аудандық мемлекеттік архивінің жеке тектік қорлары құжаттары негізінде дайындалды және осы  көрнекті тұлғалардың өмірі мен  қызметі, олардың Қостанай өлкесін дамытуға қосқан үлгі  туралы мәліметтерді қамтиды.

      Архивист мектеп оқушыларын өлкенің ортақ тарихы мен атақты жерлестерінің өмірінен нақты деректермен  таныстыруды ғана емес, сонымен қатар оқушыларды олардың еңбек ерліктері мен жерлестерінің даңқты  үлгілері  бойынша еңбекке құрметпен қарауды, мақтаныш сезімін оятуды және олардың өмірге деген қызығушылығын арттыруды мақсат етті.