Науырзым аудандық мемлекеттік архивтің архивистері жұртшылықпен кездесу: «Азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер».

Науырзым аудандық мемлекеттік  архивтің архивистері жұртшылықпен кездесу: «Азаматтарға арналған мемлекеттік қызметтер».

Халықты ақпараттандыру мақсатында 2023 жылғы 15 наурызда Науырзым аудандық мемлекеттік архивтің архивистері «Архив анықтамаларын, архив құжаттарының көшірмелерін немесе архив үзінділерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету туралы «Көрсетілетін қызметті алушыларға арналған мемлекеттік қызметтер» жұртшылықпен (Zoom платформасы арқылы) кездесу өткізді.

Көрсетілетін қызметті алушылар өтініш берген кезде қажетті құжаттар туралы және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері туралы ақпарат берді.

Аудандық архив басшысы сөз сөйлегеннен кейін, Қараменді ауылының тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық және құзыретті жауаптар алды.