«Жітіқара өнірлік мемлекеттік архивінің бұрынғы директоры А. К. Макатовтың туғанына 80 жыл толуына орай»

«Жітіқара өнірлік мемлекеттік архивінің бұрынғы директоры  А. К. Макатовтың туғанына 80 жыл толуына орай»

2023 жылғы 16 наурызда Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің бұрынғы басшысы Амангелді Қайырбекұлы Мақатовтың туғанына 80 жыл толды. Мерейтой иесінің құрметіне филиал маманы Е. Бостынец Жітіқара қаласының «Заман» радиосында «Тарихқа деген құрмет – өзіне деген құрмет» атты бағдарлама өткізді. Мемлекеттік сақтаудағы жеке текті құжаттар бойынша радио тыңдаушыларға 1999-2008 жылдараралығында архив саласындағы Амангелді Қайырбекұлының еңбек жолы туралы ақпарат берілді. Ол филиалды 90-шы жылдары, кәсіпорындар мен ұйымдар жаппай тоқтатылып, таратылған кезде басқарды.

А. К. Макатовтың аймақтың архив ісін дамытуға қосқан үлесін асыра бағалау қиын. Оның басшылығымен филиалды құжаттарды сақтауға қолайлы басқа ғимаратқа көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Ол архив ісі саласында Жітіқара қаласы мен Жітіқара, Денисов, Қамысты аудандарының мекемелерімен, кәсіпорындарымен, ұйымдарымен өзара қарым-қатынас орнатты. Оған тапсырылған іс үшін қажырлы күшпен жеке жауапкершіліктің арқасында республиканың Ұлттық архив қорының құрамына енген архивтіқ құжаттардың орасан зор қабаты сақталды.