Облыстың ақпараттандыру басқармасында азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай Күні өтті

Облыстың ақпараттандыру басқармасында азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай Күні өтті

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында Қостанай облысында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтуде. Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасында азаматтарды таңғы 10-нан кешке дейін офлайн және онлайн режимде өткізді. Жалпы өңір тұрғындарынан 40-тан астам өтініш келіп түсті.

"Басқарма апта сайын азаматтарды қабылдау күнін өткізеді, бірақ бүгін оны ауқымды түрде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Байланыс инспекциясының басшылығы, Қазақтелеком, Beeline, Kcell, Tele2 өкілдері шақырылды. Өтініштердің басым бөлігі ұялы байланыс сапасына қатысты, адамдар өз ауылдарында байланыс сапасы қашан жақсаратының немесе іске қосылаты туралы сұрақтар қоюда", - деп атап өтті басқарма басшысы Азамат Кашиев.

Өңір тұрғындары ауылдық елді мекендердегі, аудандардағы, қала бойынша байланыс сапасы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және архив саласына, яғни еңбек өтілін растау, еңбек кітапшасының жоғалуы және т. б. мәселелер бойынша басқарма басшысы Азамат Кашиевке жүгіне алды.

Облыс азаматтарын осындай форматта қабылдау тоқсан сайын жоспарланып отыр.