«Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві» Ашық есік күні

«Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві» Ашық есік күні

Қазақстан Республикасы Мәдиниет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің «Ахив және болашақ ұрпақ» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдғы 21 қыркүйекте «Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві» «ҚОМА» КММ филиалында «Балалар жылына» арналған Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараға Аманқарағай № 2 ОМ, Әулиекөл бастауыш мектебі, С.Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназия  оқушылары қатысты. Іс-шара  әр мектепке бөлек үш ағымда өтті.

Ашық есік күні төменгі іс-шаралар өткізілді:

- қонақтар «Архив тарихы. Өткені мен бүгіні» фотоқұжаттық көрмемен танысты, онда  Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің тарих беттерімен танысты;

- Әулиекөл ҰОС-ы ардагерлерінің жеке тектік құжаттары боынша «Ерлік пен даңқ жолы» фотоқұжаттық көрме ұсынды. Барлығы 55 экспонаттар ұсынылды, ол соғыс жылдарының суреттері, жаралану туралы анықтамалары, ардагерлердің медальдарына куәліктері. Осы құжаттардың әрқайсысы ардагерлердің тағдырдының тарихы болып табылады. Барлық ардагерлер Отан соғысының 1,2 дәрежелі ордендердің иегерлері;

-Ғ.Ә.Еришев және  Ж.Б.Жарбосовпен жауынгер-интернационалисттермен  кездесу өткізілді. Кездесу барысында  жауынгерлер өздерінің Ауған Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын өтеген туралы айтып өтті;

- Әулиекөл ауданының ауған соғысына қатысқан жауынгер-интернационалисттері В.Г. Калинин, Ю.В. Ерошенко, Е.А. Нургалиев, П. В. Скопец, Т.С. Молдакишев жеке тектік құжаттыр бойынша дайындалған  «Ауғанстан жерінде» фотоқұжаттық экспозицияға шолу өткізілді;

-  Ашық есік күні сонында архив ғимараты және қоймаларға экскурсиялық шолу өткізілді. Қонақтар құжаттарды планетарлық сканерлермен цифрландыру өткізілетінін көрсетіп архивттік құжаттардың сақталуы туралы, жалпы архив қызметімен таныстырылды.

Барлығы 47 адам қамтылды (43 оқушы, 4 ұстаз).