«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ-де Ашық есік күні

«Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ-де  Ашық есік күні

«Балалар жылына» арналған іс-шараларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару комитеті әр түрлі жастағы балаларды кеңінен қамти отырып, жыл сайын «Архив және болашақ ұрпақ» жобасын өткізуге бастамашылық жасады.

Жобаның мақсаты-білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, өз отбасының, кіші Отанының және жалпы Отанның тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне құрмет көрсету.

2022 жылғы 21 қыркүйекте осы жобаны іске асыру шеңберінде Қостанай облысының мемлекеттік архиві Қостанай қ. №№ 1, 8 және 115 мектептерінің 6, 8, 10 сынып оқушылары және «ЧелМУ» КҚ «Филология» мамандығының 2 курс студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.

Балалар түпнұсқадағы қызықты тарихи құжаттармен танысты, әр бөлім қызметкерлерінің жұмыс ерекшеліктері, архивтік құжаттарды цифрландыру, істерді қабылдау және рәсімдеу процесі туралы білді, шежіре құрастыру бойынша қажетті кеңестер алды, оқу залына бару ережелерімен, тақырыптық, генеалогиялық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды қарау және орындау ерекшеліктерімен танысты. Соңында балалар архив қоймасына барып, істерді сақтауды қамтамасыз етудің оңтайлы жағдайы туралы мәліметтер алды.

Келушілердің назарына Қостанай облысының тарихы бойынша құжаттар, корей, неміс тілдерінде және араб тілінде жазылған сирек құжаттар, жеке текті құжаттар, сондай-ақ  «ҚОМА» КММ сақтауындағы құжаттар негізінде жасалған проспектілер, жинақтар, анықтамалықтар мен буклеттер ұсынылды. Іс-шараға 65-тен астам адам қатысты.