«Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні

«Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні

2022 жылғы 21 қыркүйекте республиканың барлық мемлекеттік архивтерінде оқушылар мен студенттер үшін «Архив және болашақ ұрпақ» Ашық есік күні өткізілді. Бұл жобаның бастамашысы ҚР МСМ архивтер істері және құжаттаманы басқару комитеті «Балалар жылына» арналған 2022 жылғы іс-шараларды өткізу шеңберінде болды. 

Бұл күні Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивіне қаланың орта мектептерінің оқушылары, Жітіқара политехникалық колледжінің студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді. Архивке келушілердің жалпы саны 143 адамды құрады.

Архивист Е.Бостынец қаланың орта мектептерінің 9-10 сынып оқушылары, политехникалық колледж студенттері үшін «Аймақтағы білім беруді дамыту» тақырыптық фотоқұжаттық экспозициясына шолу жасады. Ұсынылған архивтік құжаттар 1921-1986 жылдардағы кеңестік кезеңді қамтиды. Тыңдаушыларға сауатсыздықты жоюды, қазақ жазуын орыс графикасы негізінде жаңа әліпбиге көшіруді, оқушылар мен мұғалімдерді ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмылдыруды, жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық оқытуға көшуді және т.б. қамтитын Жетіқара және Денисов аудандарының қорларынан құжаттар ұсынылды.

Қаланың орта мектептерінің 5 сынып оқушылары үшін архивист Жітіқара өңірлік архиві бойынша «Уақыт қоймасы» тақырыбына шолу экскурсиясын өткізді. Оқушылардың назарына архивтік құжаттар негізінде ресімделген «Соғыстың деректі жаңғырығы» бейнефильмін және Жітіқара ауданының Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік құжаттарының экспозициясын көрсете отырып, мемлекеттік архивтін қызметі туралы ақпарат ұсынылды.

Жетіқара жұмыс кентінде алғашқы қалалық амбулаторияның ашылғанына 100 жыл толуына орай архив маманы Е. Бостынец қаланың орта мектептерінің 7 сынып оқушыларына «Қаланың денсаулық сақтау тарихы» атты сабақ өткізді. Е. А. Бостынец «Медицинаға-ықыласы бойынша» фотоқұжаттық көрме экспонаттарының негізінде Кеңес кезеңінде Жітіқара ауданында денсаулық сақтаудың даму тарихын ашты. Оқушылар сабақта аудандық аурухананың алғашқы дәрігерлерінің аты-жөндерін, алғашқы «Жедел жәрдем каретасының» пайда болған жылдарын, медициналық мекемелер ғимараттарының салынуын және т. б. білді.