«Ашық есік күні»

«Ашық есік күні»

2022 жылғы 21 қыркүйекте «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ «Лисаков өңірлік мемлекеттік архиві» филиалында, «Архив және болашақ ұрпақ» жобасына арналған Ашық есік күні өткізілді.

Архив мамандары қонақтарға архив туралын, оның жетістіктері мен тарихи маңызы туралы әңгімеледі, қонақтарын құжаттардың сақтау шарттарымен таныстырды. Іс-шара аясында мектеп оқушылары мен қаланың техникалық колледжінің студенттері тарихи маңызы бар құжаттармен таныса алды. Мемлекеттік архив мамандары архив бойынша шолу экскурсиясын өткізді, «Сүйікті қала», «Бәрінде бір жеңіс!» фотоқұжаттық көрмелермен таныстырды, қаланың құрметті азаматтарының жеке тектік құжаттары бойынша тақырыптық экспозицияны ұсынды.

Қатысқандар: 59 адам.