«Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері/

«Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері/

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен «Нәтиже» мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы іске қосылған болатын.

Жоба “бір терезе” қағидаты бойынша әзірленген және азаматтардың өтініштерін қабылдауды, өтінішкерлердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады.

Жобаның арқасында өңірдің әрбір тұрғынының қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар.

Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады.

Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады.

Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары қызмет алу үшін келесі мекенжайлар бойынша жүгіне алады:

1. Қостанай қаласының әкімдігі Пушкин көшесі 98, жұмыс уақыты: 9.00-18.30, түскі үзіліс: 13.00-14.30

2. Рудный қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының Космонавтов көшесі, 12 мекенжайы бойынша жұмыс уақыты: сағат 9.00-20.00, түскі үзіліссіз