Лисаков қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша акция өткізілді

Лисаков қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша акция өткізілді

2022 жылдың  27 шілдеде Лисаков өңірлік мемлекеттік архивінің архивисті Карбай С.Б. «Архивные справки в электронном виде - доступно и быстро» «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша акция жүргізді.

Іс-шара өткізу барысында филиал архивисті Лисаков қаласының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» АЕҚ «Мемлекеттік корпорация» Азаматтарға арналған үкімет порталы» қызметкерлері және келушілеріне мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - қағаз немесе электрондық түрде, сонымен қатар порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының  «жеке кабинетіне» жолданатынын айтты. Сонымен қатар ол «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі тегін берілетіндігіне назар аударды.

Архивистер «Архивтік анықтамалар беру, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық парақтарын дайындады және ұсынды.

Ақпарат парақтарда қаладағы қызметалушылар үшін белгіленген  облыс архив қызметі бөлімі интернет-ресрусында «Мемлекеттік қызмет» www.archiv.kostanay.gov.kz. Қатысқандар: 26 адам.