Адвокаттармен дөңгелек үстел

Адвокаттармен дөңгелек үстел

2022 жылғы 13 шілдеде Рудный қалалық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Архивтік анықтамалар, архивтік  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін ресімдеу мәселесі бойынша Рудный қаласының адвокаттарымен дөңгелек үстел өткізді. Архив басшысы Е.И. Селянина адвокаттарды «Архивтік анықтамалар, архивтік  құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету Ережесіне енгізілген өзгерістермен таныстырды және «Электрондық үкімет» порталы арқылы архивтік құжаттарды алуға арналған сұраныстарды өз бетінше ресімдеудің артықшылықтары туралы айтты. Архивші А.М. Хаетова дөңгелек үстелге қатысушыларға порталда архив құжаттарды алуға өтініштерді ресімдеу тәртібін түсіндірді, стандарттарда белгіленген мерзімде оң нәтиже алу үшін қажетті мәліметтерді міндетті түрде көрсетуге назар аударды. Дөңгелек үстел отырысына 13 адам қатысты.