
2022 жылғы 04 шілдеде Лисаков өңірлік мемлекеттік архивіның басшысы Т.Б. Мурзабулатова «Астана – сердце страны» тақырыбы бойынша «Рауан «Радиосы» ЖШС қалалық радиосында «Толығырақ: басымдықтар» ақпараттық бағдарламасына қатысты.
Елорда күнін мерекелеу қарсаңында басшы еліміздің басты мақтанышы - Астана қаласы туралы егжей - тегжейлі айтып берді. Барша қазақстандықтар үшін нышан мен мақтанышқа айналған заманауи қала - бұл бүгінгі Астана. Қала тұрғындары Астананың барлық қазақстандықтарды біріктіретін және алға ұмтылған жарқын, күшті, гүлденген қалаға айналғаны туралы ақпаратпен танысты. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне деген сенімінің символы болып табылады.
Сөз сөйлеу барысында Астана қаласының дамуының негізгі кезеңдеріне жан-жақты тоқталды. Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың өткені, бүгіні, құрылысы туралы айтып берді. «Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуы, қарқынды дамуы мен тұрақтылығы болып табылады».