Ашық есік күнін өткізді

Ашық есік күнін өткізді

2022 жылғы 22 маусымда «ҚОМА» КММ филиалының «Науырзым аудандық мемлекеттік архив» қызметкерлері Халықаралық архив күніне арналған Ашық есік күнін өткізді, оған аудандық мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, барлығы 15 адам шақырылды. Шақырылғандар үшін Науырзым мемлекеттік архивінің тарихына қысқаша шолу жасалды. Сондай-ақ олар архивтің қазіргі кезеңдегі қызметімен танысты. Іс-шара соңында келушілер үшін архив бойынша экскурсия өткізілді.