Көктегі және жердегі өмір

Көктегі және жердегі өмір

2022 жылдың 23 маусымында құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің архивисі Карпухина А. А. Ұлы Отан соғысының екі мәрте батыры Иван Фомич Павловтың 100- жылдығына арналған  Қостанай облысының тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Көктегі және жердегі өмір» тақырыбында дөңгелек стол іс-шарасына қатысты. Ол «Деятельность областного комитета физкультуры и спорта, подразделений всевобуча, Осоавиахима, комсомольских организаций в годы Великой Отечественной войны» баяндамасымен сөз сөйледі.

Дөңгелек стол барысында Москва қаласындағы  И. Ф. Павлов атындағы № 8 кәсіби колледжінің музей кешені, И. Ф. Павлов атындағы Әскери даңқ мүзейі туралы бейнероликтер көрсетілді. А. Байтұрсынов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық дисциплиналар кафедрасының аға оқытушысы Жүсіпов Р. Б., Москва музей кешенінің басшысы Выгодин Д. А., Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК қызметкері Ахметова А. Г., Павлов атындағы ауылдың кітапханашысы Михалева В. И. Батыр жерлесіміздің майданда өткен жолы, фотосуреттер, батырдың әр күнін сипаттайтын фотоальбомдарды, жеке заттары: авиациялық училищесінің курсанты И. Ф. Павловтың саяси экономика бойынша дәрісі, № 507-а зауытының жиналысында  отырған И. Ф. Павловтың баяндамасы, Кеңес Одағының батыры атағын алу туралы газет мақалаларын көрсете отырып баяндалды.